Балқадиша
Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!
Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!
Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!
Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша!
«Кетті» деп Балқадиша естігенде-ей,
Талында Жыландының құшақтап қара жерді,
Еңіреп, жылағаным-ау, жан Қадиша!